Accessibility links

Парижде "Жиырмалық тобының" жиыны аяқталды


"Жиырмалық тобы" кездесуі алдындағы қауіпсіздік шарасы.
"Жиырмалық тобы" кездесуі алдындағы қауіпсіздік шарасы.
Экономикасы дамыған елдердің "Жиырмалық тобы" қаржы министрлері банктердің жеткілікті капиталы болуын қамтамасыз етуге уәде етті.

Сенбіде Париждегі кездесуінің екінші күнінде "Жиырмалық тобының" министрлері осындай мәлімдеме жариялады. Сонымен қатар "Жиырмалық тобы" қазанның 23-де еуро аумақ басшыларының саммитінде еуропалық құтқару қорын күшейту шаралары қолға алынады деп үміттенетіндерін жеткізді. Бұл қор экономикалық қиындықтарға ұшыраған еуропалық елдерді құтқаруды көздейді.

Соңғы кездері егер Еуропаның қарыз дағдарысы жайылса, ғаламдық экономикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін деген алаңдаушылықтар айтылып жатыр.
XS
SM
MD
LG