Accessibility links

Йемен полициясы шерушілерге оқ атпағанын айтады


Президент Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап еткен наразылық танытушылар. Сана, 27 қыркүйек 2011 жыл.
Президент Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап еткен наразылық танытушылар. Сана, 27 қыркүйек 2011 жыл.
Йемен ішкі істер министрлігі "полиция Санадағы үкіметке қарсы шерулер барысында оқ атып, кемінде 6 адамды өлтірді" деген хабарды жоққа шығарды.

Белсенділердің айтуынша, ел астанасындағы Өзгеріс алаңында президент Әли Абдулла Салехке қарсы шерулер өткізіп жатқан жүздеген мың наразылық танытушылар қаланың басқа да аудандарына бара жатқан кезде полиция оларды тарату үшін оқ атқан.

Он айдан бері ереуілдеп жатқан йемендіктер 33 жыл билікте отырған Салехтің қызметінен кетуін талап етіп отыр. Батыс үкіметтері мен Парсы шығанағындағы елдер де Салехті биліктен кетуге шақырды. Йемен президенті қызметінен бас тартпайтынын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG