Accessibility links

Канада Тимошенконың қудалануына алаңдаушылық білдірді


Канада премьер-министрі Стивен Харпер
Канада премьер-министрі Стивен Харпер
Канада премьер-министрі Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың қудалануы Оттава мен Киевтің қарым-қатынастарына кері әсер етуі мүмкін деп ескертті.

Жұма күні Оттавада Канада-Украина конгресінде сөйлеген Стивен Харпер Канада үкіметі Тимошенкоға қатысты Украина билігінің әрекетіне алаңдап отыр деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Харпер Украина президенті Виктор Януковичке хат жолдағанын хабарлады.

2009 жылы Украина мен Канада еркін сауда туралы келіссөздер бастаған болатын. Бұл келіссөздер Украинаның демократиялық және экономикалық реформаларына байланысты болады.

Сейсенбі күні Киев соты «Қызғылт-сары төңкерісі» жетекшілерінің бірі болған Тимошенконы 7 жылға бас бостандығынан айырды. Кейнірек Украинаның қауіпсіздік қызметі Тимошенкоға қарсы жаңа қылмыстық іс қозғады. Адам құқын қорғаушы Amnesty International ұйымы Тимошенконы «саяси тұтқын» деп атады.
XS
SM
MD
LG