Accessibility links

"Уолл Стрит" наразылықтары әлем елдеріне тарады


Банкирлер мен саясаткерлерге, экономикалық дағдарысқа қарсы наразылық шаралары сенбі күні бірқатар елдерде болып өтті.

Ең үлкен әрі қақтығысты шеру Римде өтіп, полиция тас пен бөтелкелер лақтыра бастаған оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашты.

Бұл қаржылық қиындықтарға қатысты наразылық қозғалысы бастау алған Нью-Йорктегі ең үлкен алаңда шеру өткізген 70 адам қамауға алынды.

AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мұндай наразылық шаралары Азия, Еуропа, Африка мен АҚШ сияқты 82 елдің 951 қаласында болып өткен.
XS
SM
MD
LG