Accessibility links

Сауд Арабияcы елшісіне қастандық жасамақ болды деп Иранды айыптады


Сауд Арабиясының Вашингтондағы елшісі Адель әл-Жубейр.
Сауд Арабиясының Вашингтондағы елшісі Адель әл-Жубейр.
Сауд Арабиясы Вашингтондағы елшісіне қарсы Иран қастандық жасамақ болды деген мәселені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің назарына ұсынған. Бұл туралы саудиялық "Asharq al-Awsat" газеті жексенбі күні хабарлап отыр.

Сауд Арабиясының тұрақты миссиясы БҰҰ бас хатшысына қайрылып, Қауіпсіздік кеңесіне Сауд Арабия елшісін өлтірмек болған астыртын оқиға туралы жеткізуді сұраған.

Сейсенбі күні АҚШ Иранның қауіпсіздік қызметімен байланысы бар екі адам Сауд Арабиясының Вашингтондағы елшісі Адель әл Жубейрге ресторанда қастандық жасап өлтірмек болды деп хабарлаған. Иран ол айыптауларды жоққа шығарды.

Суад Арабиясының Қауіпсіздік Кеңесіне қайрылуы – Иранға қарсы жаңа санкцияларға жол ашуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG