Ливияда Ұлттық өтпелі кеңес қарулы күштері мен Муаммар Каддафиді қолдайтындар арасында Бани-Валид қаласы үшін кескілескен шайқас жүріп жатыр.
Қаланың орталық бөлігіне енген Ұлттық өтпелі кеңес әскеріне Каддафиді қолдаушылар қатты қарсылық көрсетіп жатқаны туралы хабарлар жетіп отыр.
Осының қарсаңында Каддафи жақтастарының қолындағы тағы бір елді мекен - Сирт қаласын шабуылмен алмақ болған Ұлттық өтпелі кеңес күштерінің әрекеті сәтсіз аяқталған еді.
Ливияның оңтүстік-батысындағы көршісі Мали үкіметінің хабарлауынша, осыдан бірнеше күн бұрын бірнеше жүз қарулы адам сол елге Ливия жақтан шекарадан өткен. Олар - Каддафи жағында күрескен туарег тайпасының адамдары екендігі айтылып отыр.