Accessibility links

Қытайда жас тақуа әйел саяси наразылық ретінде өзін өзі өртеп жіберді


Өзін өзі өрт қойған адам. (Көрнекі сурет)
Өзін өзі өрт қойған адам. (Көрнекі сурет)
Қытайдың Сычуань провинциясында 20 жастағы тақуа әйел Қытайдың Тибетте жүргізіп отырған саясатына наразылық ретінде өзін өзі өртеп жібергені туралы Лондонда орналасқан "Азат Тибет" ұйымы хабарлады.

Алдын ала деректер бойынша, Далай-ламаның елге оралуын және Тибетке діни бостандықтар берілуін жақтаған бұл әйелдің денесі қатты күйіп қалған, соның салдарынан жан тапсырған.

Бұл Сычуань провинциясында биылғы наурыз айынан бері осымен тоғызыншы өзін өзі өртеу оқиғасы болып отыр.
XS
SM
MD
LG