Accessibility links

Лама Шариф: «Дін туралы заң діни ұйымдардың құқығын бұзбайды»


Қазақстан діни істер жөніндегі агенттігінің басшысы Қайрат Лама Шариф.
Қазақстан діни істер жөніндегі агенттігінің басшысы Қайрат Лама Шариф.
Қазақстанның дін туралы жаңа заңы елдегі діни бірлестіктердің тең құқылығын бұзбайды деп мәлімдеген бүгін Астанада діни жиында сөйлеген Қазақстан діни істер жөніндегі агенттігінің басшысы Қайрат Лама Шариф. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлады.

«Ешбір дін мемлекеттік және міндетті дін ретінде белгіленбеуі тиіс, сонымен бірге, заңның преамбуласында Қазақстан халқының мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін танитынын, халықтың рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтіні атап айтылған», - деген Қайрат Лама Шариф.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазанның 13-і күні «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» заңға қол қойды.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ АҚШ бұл заң азаматтардың діни құқығын бұзатынын және Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сай келмейтінін мәлімдеп, сын айтқан еді.
XS
SM
MD
LG