Еуропа одағы 2012 жылға белгіленген Қазақстан мәжілісінің (парламенттің төменгі палатасы) сайлауы бәсекелі болады деп үміттенеді және Еуропа одағы өз тарапынан бұл сайлауларды өткізуде Қазақстанға барынша қолдау көрсетуге уәде береді.
Бүгін Астанада Қазақстанның адам құқықтары саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған ұлттық жоспарының орындалуына арналған жиында Еуропа одағының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, елші Норбер Жустеннің осылай деп мәлімдегені туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлады.
«Қазіргі күні ең басты мәселе - сайлау процесін бұл күрес бәсекелі өтеуі үшін қажетті барлық жағдай жасалатындай етіп ұйымдастыруда болып отыр», - деді Норбер Жустен.
Сонымен бірге Еуропа одағы елшісі «барлық саяси партиялардың халықпен ашық сөйлесуге, өз ұстанымын таныстыруына мүмкіндігі болуы қажет» екендігін атап өткен.
2007 жылғы тамызда сайланған Қазақстанның төртінші шақырылымдағы парламенті толығымен «Нұр Отан» партиясы мүшелерінен құралған. Конституцияға сәйкес, парламент мәжілісінің сайлауы бес жылда бір рет өткізіліп тұрады.
Жақында Қазақстан коммунистік партиясының қызметі сот шешімімен алты айға тоқтатылуын оппозиция қайраткерлері мен бірқатар сарапшылар биліктің елде кезектен тыс парламент сайлауын өткізбек ниетінің нышаны ретінде бағалаған еді.