Accessibility links

Венесуэлада оппозициялық телеарнаға 2,1 миллион доллар айыппұл салынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Сейсенбі күні Венесуэланың телекоммуникация жөніндегі ұлттық комиссиясы елдегі оппозициялық Globovision телеарнасын 2,1 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

Комиссияның мәлімдемесінде телеарнаның биыл маусым айында Венесуэла түрмесіндегі тұтқындардың бүлігі туралы хабар таратып, "саяси мақсатпен қоғамдық тәртіпті бұзып, өшпенділік пен төзбеушілікті қоздырғаны" үшін жазаланып отырғаны айтылған.

Ал оппозициялық телеарна "үкімет бұндай үлкен мөлшерде айыппұл салу арқылы телеарнаны біржолата жабуды көздеп отырғанын" мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG