Accessibility links

Сириядағы Хирак қаласында қақтығыстарда кемінде 3 адам өлген


Сирия билігіне қарсы наразылық шарасында тұрғын мектеп шәкірттері. Хула, Сирия. 17 қазан 2011 ж.
Сирия билігіне қарсы наразылық шарасында тұрғын мектеп шәкірттері. Хула, Сирия. 17 қазан 2011 ж.
Сирия астанасы Дамаскінің оңтүстігіне қарай 80 шақырымдай жердегі Хирак қаласында сейсенбі күні белсенді азаматтардың тұтқындалуына наразылық білдіріп шыққан жұртты қауіпсіздік күштері қуып таратқан кезде қақтығыстар салдарынан оппозиция жақтастарынан кемінде үш адам мерт болған.

Бұл туралы "Рейтер" агенттігіне оқиға куәгерлерінің бірі айтып берген. Оның сөзінше, шеруге шыққандар биліктен қаладағы бас мешіттің имамын бостандыққа шығаруды талап еткен. Қала жұрты үнемі осы мешіттің жанына жиналып, Сирия президенті Башар Асадтың отставкаға кетуін талап етуді әдетке айналдырған.

Сонымен бірге, Хирак қаласының маңында үкімет сарбаздары мен оппозиция жағына жаңадан қосылған бұрынғы әскерилер арасында қақтығыс болғаны туралы айтылып отыр. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні кемінде 20 сарбаз өз әскери бөлімдерін тастап кеткен.
XS
SM
MD
LG