Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған еліндегі сарбаздарға жасалған шабуылдан кейін Қазақстанға жоспарланған сапарын тоқтатты.
Бүгін Түркияның оңтүстік-шығысында қауіпсіздік күштеріне жасалған шабуылдан кемінде 26 сарбаз бен полиция қызметкері мерт болды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иракпен арадағы шекараға жақын Хаккари уәлаятында Күрдістан жұмысшылары партиясының жауынгерлері әскери күзет бекеттеріне шабуыл жасап, 16 сарбазды жаралаған.
Хабарларға қарағанда, Түркия әскерилері бүлікшілерді іздеу үшін Ирактың солтүстігіне шабуылдарын бастаған. Түркия билігі бұл ақпаратты әлі растамады.
Күрд сепаратистері 1984 жылы Түркия мемлекетіне қарсы соғысын бастағалы бері қақтығыстарда 40 мыңнан астам адам қаза болды.
Түркия, АҚШ және Еуропа Одағы Күрдістан жұмысшылары партиясын лаңкестік топ деп санайды.
Түркия премьер-министрі Алматыда 20-21 қазанда өтетін түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің алғашқы саммитіне қатысуы тиіс болатын.