Accessibility links

Көкшетауда сотталған офицерлердің әйелдері тамырларын кесті


Қазақстанның Ақмола облысындағы сот ғимараты алдында өз тамырларын кесіп, наразылық танытқан адамдарды дәрігерлер алып кетті деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігі.

Өздерін тіліп наразылық танытқан үш адам - Ақмола облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бұрынғы офицерлерінің әйелдері. Жазда қамалған офицерлердің апелляциялық шағымы бойынша бүгін өткен сот бұрынғы үкімді сол күйінде қалдырды.

Сәрсенбі күні апелляциялық соттың шешімі шыққан соң үш әйел барлық адамның көзінше тамырларын тіліп тастады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2010 жылдың қараша айында ЕЦ-166/26 қатаң режимдегі колониясы қызметкерлеріне қатысты «азаптау» және «қызметі бабын асыра пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, наурыз айында сот басталған еді. Маусым айында шыққан сот үкіміне сәйкес, облыстық қылмыстық атқару жүйесі департамент бастығының орынбасары Сейілхан Тұрмағамбетов 5 жылға, департаменттің өзге де қызметкерлері Жасұлан Нығметжанов 5 жылға, Мейірболат Нұрғалиев 3 жыл 6 айға, Асхат Сұлтанов 3 жыл 8 айға, Жанболат Қайреденов 3 жыл 7 айға, Қуанышбек Шаяхметов 4 жылға, ал Қайрат Қалиев 3 жыл 9 айға қамалған болатын.
XS
SM
MD
LG