Accessibility links

Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық сотқа жаңа басшы тағайындалды


Югославия бойынша халықаралық трибуналдың басшысы судья Теодор Мерон.
Югославия бойынша халықаралық трибуналдың басшысы судья Теодор Мерон.
Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық трибуналдың жаңа басшысы болып АҚШ судьясы Теодор Мерон тағайындалды. Ол бұл жұмысты екі жыл атқаратын болады.

Меронға дейін Ямайкалық судья Патрик Робинсон трибунал басшысы болып істеп келді.

81 жастағы Мерон 2001 жылдан бастап бұрынғы Югославия бойынша халықаралық трибуналдың судьясы, 2003-2005 жылдар аралығында трибунал басшысы болған.

Теодор Мерон басшылық ететін халықаралық трибунал босниялық сербтердің бұрынғы жетекшісі Радован Караджич пен босниялық сербтер әскерінің бұрынғы басшысы Ратко Младичтің ісін қарайтын болады. Ол екеуіне әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған деген айыптар тағылған.

Судья Мерон өз міндетіне қарашаның 17-інен кіріседі.
XS
SM
MD
LG