Accessibility links

Клинтон: "Талибанмен" келіссөз өткізуге болады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың кездесуі. Кабул, 20 қазан 2011 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың кездесуі. Кабул, 20 қазан 2011 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, Ауғанстандағы соғысты аяқтау үшін "Талибанмен" келіссөз өткізу мүмкіндігі бар бірақ егер содырлар ынтымақтаспаса, оларға қарсы шабуылдар жалғаса береді. Бұл туралы Клинтон бүгін Кабулда мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы президент Хамид Карзаймен және азаматтық қоғам жетекшілерімен кездесу үшін сәрсенбіде Ауғанстанға барған болатын. Клинтонның айтуынша, "Талибанмен" бейбітшілік туралы келіссөздер соңғы жылдардағы жетістіктерді қорғайтын саяси процестің бөлігі болуы тиіс және оны Ауғанстанның көршілері де қолдауы керек болады. Ауғанстанның болашағы үшін әсіресе Пәкістанның ынтымақтастығы маңызды деді Клинтон.

АҚШ пен Пәкістан ресми өкілдерінің айтуынша, Хиллари Клинтон Кабулдан кейін Исламабадқа аттанады.
XS
SM
MD
LG