Accessibility links

АҚШ соты екі адамға Сауд Арабиясы елшісін өлтірмек болған деген айып тақты


Күдіктілердің бірі Манссор Арбабсиар.
Күдіктілердің бірі Манссор Арбабсиар.
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының соты бейсенбі күні күдікті екі адамға Сауд Арабиясы елшісін қасақана өлтірмек болған деген ресми айып тақты.

Тегі ирандық күдікті екі адамның аталған елшіге қарсы қастандық жасау жоспары әшкереленгені туралы өткен аптада АҚШ билігі мәлімдеген еді. Күдіктілердің бірі Манссор Арбабсиар қос мемлекеттің - АҚШ және Иранның азаматы болып табылады. Ал екінші күдікті Голам Шакури Иранға қашып кеткен деп хабарланып отыр.

АҚШ тергеушілері Голам Шакуриді Иран арнайы қызметіне жұмыс істеген адам деп сипаттайды.

Бұл қастандыққа қатысы барын үзілді-кесілді жоққа шығарған ресми Тегеран "АҚШ өз ішкі мәселесінен әлем қауымдастығының назарын бұрғысы келеді" деп Вашингтонды айыптады.
XS
SM
MD
LG