Accessibility links

Бішкек "лаңкестікке қатысы бар" күдіктіні Мәскеуге тапсырды


Қырғызстан билік орындары "лаңкестікке қатысы бар" деп айыпталған Ресей азаматын бүгін экстрадициялады деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілдері бүгін Бішкектегі журналистерге Ахтаханов деген азамат Мәскеуге тапсырылды деп мәлімдеді. 35 жастағы Ахтахановтың аты аталмады. Ресейде оған "лаңкестікке және қаруланған қылмыстық топтың құрылуына қатысы бар" деген айып тағылған.

Шешенстанда туған Ахтахановты қырғыз қауіпсіздік күштері тамыз айында Бішкек жанындағы Лебединовка ауылында тұтқындаған болатын.
XS
SM
MD
LG