Accessibility links

Клинтон Душанбеден кейін Өзбекстанға барады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Душанбе, 22 қазан 2011 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Душанбе, 22 қазан 2011 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бүгін Душанбеде Тәжікстан жетекшілерімен кездеседі. Тәжікстанға жасап отырған алғашқы ресми сапары барысында Клинтон аймақтағы есірткі саудасына және исламшыл бүлікшілерге қарсы күрес мәселесін талқылайды.

Душанбеден кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Өзбекстанға барады. Хабарларға қарағанда, Клинтон Орталық Азиядағы бұл екі елде адам құқықтарына қатысы алаңдаушылықтарды да көтермекші.

Жұма күні Тәжікстанға келген Клинтон осы аптада Ауғанстан және Пәкістанда болып, Ауғанстандағы АҚШ жетекшілік ететін коалиция күштеріне шабуылдайтын бүлікшілермен күресте ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.
XS
SM
MD
LG