Accessibility links

Венгрия астанасында наразылық жиынына мыңдаған адам қатысты


Венгрияның астанасы Будапешт қаласы. (Көрнекі сурет)
Венгрияның астанасы Будапешт қаласы. (Көрнекі сурет)
Қазанның 23-і күні Венгрия астанасы Будапешт қаласында үкіметке қарсы наразылық жиыны өтті.

"Маған бұл режим ұнамайды" деген ұранмен өткен наразылық акциясына ондаған мың адам – бірнеше қоғамдық бірлестіктердің белсенділері мен оларға қолдау танытқан жұрт қатысты.

Жиында премьер-министр Виктор Орбан басқарып отырған үкіметтің саясатына қатты сын айтылды. Солардың арасында, елде бұқаралық ақпарат құралдарына цензура орнағаны, салық ауыртпалығы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың мойнына түсіп отырғаны сөз болды.

Жексенбі күнгі бұл акция Венгрияда советшіл билік режиміне қарсы 1956 жылы күзде болған халық көтерілісінің 55 жылдығына орайлас өткізілді.
XS
SM
MD
LG