Accessibility links

АҚШ президенті: "Ливия үмітке толы жаңа дәуірді бастады"


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама Ливия ұлттық өтпелі кеңесі жетекшілерінің елдің Каддафи билігінен азаттығы туралы жексенбі күні Бенгазиде жасаған мәлімдемесін қоштап, құптады.

Ақ үйдің мәлімдемесінде қырық жылғы қатаң диктатура мен сегіз айға созылған қантөгістен кейін енді Ливия халқы өз тарихында үмітке толы жаңа дәуірді бастағалы отырғандығы айтылған.

Ал, АҚШ мемлекеттік департаменті Ливияның жаңа билігін бұрынғы диктатор Муаммар Каддафидің қазасының жай-жапсарын мұқият тергеп-тексеруге тағы да шақырды. Ұлттық өтпелі кеңес басшылығы Каддафидің атыс кезінде қаза болғаны туралы мәлімдегенімен, көтерілісшілердің оны алдымен тірідей ұстап алып, ұрып-соғып, кейін атып өлтіргені жайлы хабар бар.

Қазір Мисурата қаласында сауда орындарының біріндегі тоңазытқышта жатқан Каддафидің денесі қашан жер қойнына берілетіндігі де әзірге беймәлім қалып отыр.

Кеше БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Ливиядағы өзгерісті "тарихи бетбұрыс" деп атап, ұлттық өтпелі кеңесті уақытша үкімет қалыптастырып, сайлаулар тағайындауға шақырды.
XS
SM
MD
LG