Accessibility links

Ресей мен Армения президенттері Мәскеуде келіссөз өткізіп жатыр


Армения президенті Серж Саргсян.
Армения президенті Серж Саргсян.
Армения президенті Серж Саргсян ресми сапармен Мәскеуге барып, Ресей президенті Дмитрий Медведевпен келіссөздер өткізуде. Онда Таулы Қарабахқа қатысты Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстар туралы талқыланады деп айтылған.

Этникалық армян күштері Ереванның қолдауымен 1994 жылы Таулы Қарабахқа бақылауды алған болатын. Содан бері бұл аймақта қақтығыстар басылмай келеді.

Ресей Таулы Қарабах келіссөздеріне АҚШ және Франциямен қатар арағайындық жасап келеді.

Ресей Арменияның негізгі сауда әріптесі. Екі ел жетекшілері өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін сөз етеді.
XS
SM
MD
LG