Әзірбайжан мемлекеті қазанның 24-і күні БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшесі мәртебесіне ие болды.
Бұған дейін қауіпсіздік кеңесіндегі осы орыннан үмітті болған Словения 16 кезеңге жалғасқан дауыс берулер еш нәтиже бермеген соң ары қарайғы күрестен бас тартқан еді. Ереже бойынша, үміткер ел қажетті дауыстың үштен екісіне ие болуы шарт.
Бұған дейін, өткен жұма күні, Пәкістан, Марокко, Гватемала және Того БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшелігіне сайланған еді. Осылайша, аталған бес мемлекет енді алдағы қаңтар айынан бастап қауіпсіздік кеңесіндегі өз міндеттеріне кіріседі.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне 15 мемлекет мүше.