Accessibility links

Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 279-ға жетті


Құтқарушылар жер сілкінісінен қираған ғимарат астанынан табылған баланы жедел жәрдем көлігіне әкеле жатыр. Ержиш, Түркия. 24 қазан 2011 жыл.
Құтқарушылар жер сілкінісінен қираған ғимарат астанынан табылған баланы жедел жәрдем көлігіне әкеле жатыр. Ержиш, Түркия. 24 қазан 2011 жыл.
Соңғы деректерге сәйкес, Түркияда жексенбі күнгі зілзаладан құрбан болғандардың саны 279 адамға жетіп отыр. 1300-дей адам жараланған.

Қуатты жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Ван және Ержиш қалаларында ғимарат қирандыларын аршу жұмыстары өткен түні де жалғасты. Қираған үйлердің тұрғындары суық түнді далада өткізді. Зардап шеккен жұрт ас-су, шатырларға мұқтаж.

Түркия премьер-министрінің орынбасары Бүлент Арындждың айтуынша, қиранды астынан тірі қалғандар табылар деген үміт аз болғандықтан, құтқару жұмыстары сейсенбі күні доғарылуы мүмкін.

Қазанның 23-і күні Түркияның Ван аймағында 7,2 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды.

1999 жылы Түркияның солтүстік-шығысында болған қатты жерсілкінісі 20 мың адамның өмірін қиған. 1976 жылы Ван аймағындағы зілзаладан 5 мың адам қаза болған еді.
XS
SM
MD
LG