Accessibility links

Түркиялық танкілер Ирақтың солтүстігіне беттеген


Ирақ шекарасындағы түрік армиясының танктері.
Ирақ шекарасындағы түрік армиясының танктері.
Түркияның қарулы жасағы мен танкілері Ирақтың солтүстігіне өткен. Олар бұл аймақтағы Күрд жікшілдерінің "Хафтанин" лагеріне беттеген.

Бұл әскери операция өткен аптада Күрд жұмысшылар партиясы жауынгерлерінің шабуылынан қаза тапқан 24 түрік әскері үшін кек қайтару болып отыр. Содан бері ондаған күрд көтерілісшісі қаза тапқан.

Күрд жұмысшылар партиясы 1984 жылдан бері Түркияның оңтүстік шығысында тәуелсіздік алу үшін күресіп келеді. Бұл қақтығыстарда 40 мыңнан аса адамның өмірі қиылды.
XS
SM
MD
LG