Accessibility links

Қазақ жастары премьер-министрді орнынан кетуге шақырды


"Рух пен тіл" қоғамдық бірлестігінің белсендісі Инга Иманбай. 18 тамыз. 2011
"Рух пен тіл" қоғамдық бірлестігінің белсендісі Инга Иманбай. 18 тамыз. 2011
Қазақстандағы "Рух пен тіл" қоғамдық жастар бірлестігі премьер-министр Кәрім Мәсімовты қызметінен кетуге шақырған 10 мың адамның қолын жинаған.

Жастар белсендісі Инга Иманбай Алматы өткізген жиындарында, "Рух пен тіл" бағаның қымбаттауы, Қазақстанның Кеден одағына кіруі және Қазақстан экономикасына Қытай ықпалының өсуіне наразылық танытқан адамдарды бұл қозғалысты қолдауға шақырды.

Жастар белсендісі Мәсімов азық-түлік бағасының өсуі, коммуналдық қызметтің қымбаттауы мен жанармай бағасының көтерілуін реттеу үшін үкіметтік қандай жоспары бар екенін айтпады деп отыр.

Иманбайдың сөзіне қарағанда, жастар тобы 10 мың адамның қолын бір айдың ішінде жинап үлгерген.
XS
SM
MD
LG