Accessibility links

Каддафи жазық далаға құпия жерленді


Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафи. 10 сәуір. 2011
Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафи. 10 сәуір. 2011
Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафи мен оның баласы Муатассим және тағы одақтасының мәйіті жазық даладағы белгісіз бір жерге апарылып жерленді.

Ливияның уақытша үкіметі олардың бүгін ертерек діни рәсіммен жерленгенін растады. Өткен бейсенбі күні туған қаласы Сиртте атып өлтірілген Каддафи мен тағы екеудің сүйегі Мисуратада суық жерде сақталып келген.

Каддафидің өлімі Ливиядағы сегіз айға жалғасқан қақтығысты тоқтатты. О бейсенбі күні Сирт қаласында түсініксіз жағдайда өлтірілген болатын. Ливияның жаңа жетекшілері халықаралық қысымнан кейін оның өліміне тергеу жүргізуге сөз берген.
XS
SM
MD
LG