Accessibility links

Араб елдерінің өкілдері келіссөздер өткізу үшін Сирияға барды


Сириядағы Башар әл-Асад режиміне қарсы шерушілер. 17 қазан.
Сириядағы Башар әл-Асад режиміне қарсы шерушілер. 17 қазан.
Араб елдерінің ресми өкілдері Сирияда бас қосып, президент Башар әл-Асад режимі мен оппозиция арасына арағайындық жасамақшы.

Қатар бастаған бірнеше араб елінің сыртқы істер министрлері сириялық билікпен келіссөздер өткізеді. Бұл кездесу алдында ғана Араб лигасы Сирияны бітімгершілікке шақырған мәлімдеме таратқан болатын.

Сирия оппозициясы Араб лигасының ол ұсынысын сынап, Асад орнынан кетіп, қақтығыстар тоқтамаса ешқандай келіссөздер болмайды деді.

БҰҰ-ның есебі бойынша, Сириядағы шерушілерді күшпен басу барысында 3 мың адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG