Accessibility links

Еуропа одағы Грекияның қарызын 50 пайызға кемітуге келісті


Еуропа одағы мен Грекияның тулары. (Көрнекі сурет)
Еуропа одағы мен Грекияның тулары. (Көрнекі сурет)
Еуропа одағы елдерінің жетекшілері Брюссельдегі саммитте бірнеше сағатқа созылған талқылаудан соң Грекия мемлекеті қарызының жартысын кеміту туралы келісімге қол жеткізгені туралы БАҚ өкілдеріне Франция президенті Николя Саркози хабарлады. Оның айтуынша, жеке инвесторлар Грекияның қарызын 50 пайызға кемітуге келісім берген.

Еуропа одағы мен Халықаралық валюта қорынан Грекияға несие түрінде берілген қаржылай көмектің жалпы көлемі 100 миллиард еуродан асады. Сондай-ақ, тағы 100 миллиард еуродан астам қаржы банктерді қайта капиталдандыруға бөлінбек.

Сонымен бірге Еуропа одағы елдері Еуропалық қаржы тұрақтандыру қорын 400 миллиард еуродан шамамен 1 триллион еуроға (1,4 триллион доллар) дейін ұлғайтуға келісті. Бұл қордағы қаржы қазірде борыш дағдарысын өткеріп жатқан Испания мен Италияға жәрдем көрсетуге пайдаланылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG