Accessibility links

Тунисте парламент сайлауының ресми қортындысы жарияланды


«Эннахда» исламшыл партиясын қолдаушылар сайлауда жеңіске жеткендерін мерекелеп жатыр. Тунис, 25 қазан 2011 ж.
«Эннахда» исламшыл партиясын қолдаушылар сайлауда жеңіске жеткендерін мерекелеп жатыр. Тунис, 25 қазан 2011 ж.
Тунистің орталық сайлау комиссиясы ел парламентіне өткен сайлаудың түпкілікті қортындысын шығарды. «Эннахда» исламшыл партиясы парламенттегі 217 орынның 90-ын иеленді.

Ал республикалық конгресс партиясына 30 орын бұйырса, «Эттакатол» социал-демократиялық партиясы 21 мандатқа ие болған.

Сол сияқты, оппозициялық Прогрессивтік демократиялық партия мен «әл-Аридха» партиясына да парламенттен орын тиген.

Жаңадан сайланған парламент елдің жаңа конституциясының жобасын әзірлеп, 2012-2013 жылдарға дейін жұмыс істейтін үкіметті құрады.

Араб елдеріндегі толқулардың бастауы болған Тунисте қазанның 23-і күні өткен демократиялық сайлауларда дауыс беруге халықтың 90 пайызы қатысты.
XS
SM
MD
LG