«ALFA» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлия Тезекпаева мен оппозициялық «Алға» партиясын құру бойынша ұйымдастыру комитетінің басшысы Фатима Қасенова Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан елдің батысында ереуілдеп жатқан мұнайшылармен кездесуді талап етті.
«Маңғыстауда ереуілші мұнайшылармен Елбасы Назарбаевтың өзі тікелей келіссөз өткізуі тиіс. Әйтпеген жағдайда, біз мұны Қазақстан халқына қарсы жасалып отырған ашықтан-ашық мемлекеттік террор ретінде қарастырамыз, адамдардың бостандығы, абыройы мен қадір-қасиетіне және өміріне қарсы террор ретінде бағалап, президенттің қызметінен кетуін талап етеміз», - делінген бейсенбі күні жарияланған мәлімдемеде.
Бұл хатты оппозициялық «Халық майданы» бірлестігінің Семейдегі аймақтық кеңесінің мүшелері де қолдап отыр.
«Өзенмұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» компаниялары жұмысшыларының ереуілі мамыр айында басталған болатын. Олар жалақыларын көбейтуді талап етіп, өз белсенділеріне қарсы репрессияларға наразылық танытып отыр.
Осы аптада Жаңаөзенде ереуілші мұнайшылардың біріне және ереуіл туралы хабар беріп жатқан оппозициялық «Стан.ТВ» интернет-порталының журналистеріне шабуыл жасалды.