Accessibility links

Сириядағы қақтығыста сарбаздар мерт болды


Сирия картасы
Сирия картасы
Сириялық белсенділердің айтуынша, Хомс қаласында үкімет күштері мен дезертирлердің арасындағы қақтығыстар барысында кемінде 17 сарбаз қаза болған.

Ұлыбританиядағы адам құқықтарын бақылаушы сириялық топтың мәліметінше, жұма күні армиядан қашып кеткендер екі тексеру бекетіне шабуылдаған. Сонымен қатар Баб әл-Сиба ауданында түнде болған қақтығыстарда бір офицер мен ондаған сарбаз көтерілісшілер жағына өткен.

Көктемде Сирия үкіметіне қарсы шерулер басталғалы бері елде мыңдаған наразылық танытушы өлтірілді.
XS
SM
MD
LG