Accessibility links

Сирия президенті елдің ісіне Батыс араласатын болса, "жер сілкінеді" деді


Сириядағы билікке қарсы шерушілер. 24 қазан. 2011
Сириядағы билікке қарсы шерушілер. 24 қазан. 2011
Сирия президенті Башар әл-Асад өз елінің ісіне Батыс араласатын болса, оның "жер сілкінгендей салдары болады" деп ескертті.

Бұл туралы Асад британиялық Sunday Telegraph газетіне берген сұқбатында айтты. Оның сөзіне қарағанда, егер Батыс биліктері Сирияның ішкі ісіне араласатын болса, "Таяу Шығысты күйдіріп жіберердей жер сілкінісіне" әкеледі. Сирия президенті “сіздер тағы бірнеше Ауғанстанды көргілеріңіз келе ме?”- деді.

Бұл тұста Сирияда армияны тастап кеткендермен қақтығыста 20 әскер қаза тауып, 53 адам жараланды. Хабарларға қарағанда, бұл қақтығыс Хом ауданында болған.
XS
SM
MD
LG