Бүгін таңертең Атырау қаласының орталығында екі жарылыс болған деген ақпарат тарады. Әзірге жарылыс пен олардан зардап шеккендер туралы ақпаратты жергілікті билік орындарынан анықтау мүмкін болмай отыр.
Оқиға болған жерді полиция мен төтенше жағдайлар қызметі қоршауға алып, оған ешкімді өткізбей тұр деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Қалалық полиция ғимараты тұрған жерді суретке түсірмек болған жергілікті "Ақ жайық" газетінің журналисін полиция ұстап алып кеткен.
Кейбір ақпараттарға қарағанда, жарылыс әсерінен көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің терезелері сынған.