Accessibility links

Атыраудағы жарылысты өзін-өзі жарған адам жасағаны хабарланды


Атырау облыстық прокуратурасы. (Көрнекі сурет)
Атырау облыстық прокуратурасы. (Көрнекі сурет)
Атырау облыстық әкімшілігі қалада бүгін болған жарылысты белгісіз ер адам жасап, өзі мерт болғаны туралы хабарлады деген ақпарат таратты «Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

«Шамамен жергілікті уақыт бойынша сағат 09.50-де Атырау қаласындағы «Сарыарқа» шағын ауданындағы бос жерде белгісіз ер адам өзін-өзі жарған. Ол қаза тапқан, басқа зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлаған облыстық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімі қызметкері.

Ол сондай-ақ бүгін таңертең шамамен сағат 09.43-те Атырау қаласындағы Құлманов көшесінде салынып жатқан тұрғын үй құрылысы маңында қоқыс салатын жәшікте жарылыс болғанын айтқан.

Алайда, әлгі мерт болған адам тұрғын үйде өзін өзі жарғаны, ал қоқыс салатын жәшіктегі жарылыс облыстық әкімшіліктің ауласында болған деген дерек барын хабарлайды ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG