Accessibility links

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Қандағардағы шабуылды айыптады


БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі өкілдігі орналасқан ғимарат жарылыстан кейін. Қандағар, Ауғанстан, 31 қазан 2011 жыл.
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі өкілдігі орналасқан ғимарат жарылыстан кейін. Қандағар, Ауғанстан, 31 қазан 2011 жыл.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі өзінің Ауғанстанның Қандағар қаласындағы өкілдігіне жасалған шабуылды айыптады.

Қауіпсіздік кеңесіне қазан айында төрағалық еткен Нигерияның БҰҰ-дағы өкілі Джой Огву Ауғанстан билігін дүйсенбі күнгі жарылысты ұйымдастырғандарды анықтап, жазаға тартуға шақырды.

Қазанның 31-і күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласындағы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі өкілдігі орналасқан ғимарат алдындағы жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, екі кісі жараланған еді. Олардың барлығы да - Ауғанстан азаматтары, марқұм болғандардың бірі - полиция қызметкері.

Бұл шабуылдың жауапкершілігін тәліптер өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG