Accessibility links

Сауд Арабиясы Иранға қатысты пікірін білдірді


Сауд Арабиясының картасы
Сауд Арабиясының картасы
Сауд Арабиясының тақ мұрагері Найеф бин Әбдел Әзиз Иранмен қажылық мәселесінде қандай да бір ерекше түсіністікке келудің қажеті жоқтығын мәлімдеді.

Корольдіктің тақ мұрагері, қазір елдің ішкі істер министрі лауазымындағы Найеф бин Әбдел Әзиз: «Ирандықтар қажылыққа әрқашан құрмет көрсетіп келеді» деді. Ол сондай-ақ осы аптаның аяғында басталатын қажылықтың бейбіт өтуі үшін корольдіктің барлық шараларды қарастыратынын да айтты.

АҚШ бұған дейін Иранды "Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшісіне қастандық жасамақшы болды" деп айыптаған.
XS
SM
MD
LG