Accessibility links

Ресей Грузиямен үш жақты кедендік бақылау орнатуға келісті


Ресейдің Эстониямен шекаралас Нарва және Ивангород қалаларындағы кедендік бақылау аймағы. 21 маусым, 2005 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейдің Эстониямен шекаралас Нарва және Ивангород қалаларындағы кедендік бақылау аймағы. 21 маусым, 2005 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге қатысты Грузиямен келісімге келді. Бұл туралы Ресейдің ДСҰ-ға қосылу мәселесімен айналысатын өкілі Максим Медведков мәлімдеді.

Швейцария 2008 жылы тамыз айында Ресей мен Грузия арасында тұтанған қақтығыстан кейін туындаған сауда мәселесін шешу жобасын ұсынған. Медведков Ресейдің Грузиямен шекаралас даулы Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймағында сауда жасау, жүк тасымалдауда үш жақты кедендік бақылау орнатуға келіскенін айтты. Грузия Швейцарияның жобасымен өткен аптада келіскен еді.

2008 жылы тамыз айында болған сегіз күндік қақтығыстан кейін Оңтүстік Осетия мен Абхазия тәуелсіздігін жариялап, Ресей мен Грузияеның қарым-қатынасы шиеленісіп кеткен.
XS
SM
MD
LG