Accessibility links

Египет толқуға қатысты ұсталған кейбір азаматтарға рақымшылық жасамақ


Египеттің әскери билік басындағы шенеуніктері көктемде наразылықтар басталған кезден бері әскери сотқа тартылған 334 адамға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді.

Қарулы күштердің жоғары кеңесі бұл қадам египеттіктердің революцияшыл жастармен одан ары байланысын қолдау екенін айтты. Жоғары кеңес таратқан мәлімдемеде олардың не үшін сотқа тартылғаны және қашан босатылатыны айтылмаған.

Елде наразылықтар басталған қаңтар айынан бері кемінде 12 мың адам әскери сотқа тартылды. Халықаралық және Египеттің құқық қорғау ұйымдары ел билігінің бұл әрекетін сынады, ал АҚШ үкіметі жеке адамдарды азаматтық сотқа тартуға шақырды.
XS
SM
MD
LG