Accessibility links

Францияда "Үлкен жиырмалық" елдерінің саммиті өтіп жатыр


Канн қаласында өтіп жатқан үлкен жиырма елдің саммитіне қатысушы мемлекет басшылары. 3 қараша, 2011 жыл.
Канн қаласында өтіп жатқан үлкен жиырма елдің саммитіне қатысушы мемлекет басшылары. 3 қараша, 2011 жыл.
Грекияның қаржылық және саяси дағдарысы Францияда өтіп жатқан "Үлкен жиырмалық" елдерінің саммитінде қызу талқыланды. Канн қаласында өтіп жатқан саммитте Қытай, Ресей және АҚШ басшылары еуропалық елдерден жедел түрде қаржылық дағдарыстың алдын алуды талап етті.

Германия канцлері Ангела Меркель еуроны Грекияның Еуроодаққа мүше болуы арқылы тұрақтандыруды жөн көргенімен, басты мақсат - Грекияны құтқару емес, еуроны сақтап қалу екендігін айтты. Саммитте сондай-ақ әлемдік қаржы жүйесін реформалау және қаржының жалған жолмен шетке кетпеу шаралары қарастырылып жатыр.

Өткен аптада Еуроодақ пен Халықаралық валюта қоры Грекияға 130 миллиард еуро көмек қаржы беруге, бұрынғы қарыздарының жартысын қысқартуға келіскен болатын. Алайда, Франция мен Германия басшылары "Грекия өзінің Еуроодақ кеңістігіндегі болашағын айқындап алмайынша, аталған қаржыны ала алмайды" деді.
XS
SM
MD
LG