Accessibility links

Ауғанстанда НАТО қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасалды


НАТО жауынгерлері Герат қаласының маңында болған шабуылдан кейін. 3 қараша, 2011 жыл.
НАТО жауынгерлері Герат қаласының маңында болған шабуылдан кейін. 3 қараша, 2011 жыл.
Құрамында жанкештілер бар көтерілісшілер тобы Ауғанстанның батысында НАТО жауынгерлерінің қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрамасы орналасқан базаға шабуыл жасады. Шабуылдан екі адам қаза болды.

Герат провинциясында болған бұл шабуылды тәліптер өз мойнына алды. Алғашқы шабуылдаған адам ғимараттың кіре берісінде жарылғыш затты іске қосып, артынша шабуылға көшкен. Атыстан екі ауған жауынгері қаза болып, бес адам жарақат алған. Шабуыл жасаған топ жойылды.

Герат қаласы - шілде айында қауіпсіздікті сақтау шетелдік жауынгерлерден жергілікті ауған күштеріне өткізілген алғашқы жеті аймақтың бірі. Бұл шетелдік күштердің 2014 жылға дейін Ауғанстаннан шығып кетуіндегі алғашқы қадам болатын.
XS
SM
MD
LG