Бүгін Ауғанстанның солтүстігінде құрбан айт мерекесіне арналған намаздан шыққандарға қарсы жанкешті шабуылы болып, кемінде 8 адам қаза тапты. Жарылыс Бағлан қаласындағы мешіт жанында болды.
Жергілікті билік өкілі Әмір Гүлдің айтуынша, қаза болғандар арасында ауған күштерінің екі әскері бар. Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі жанкешті шабуылынан тағы 15 адам жарақат алғанын айтты.
Бұл жарылыс осыдан екі күн бұрын ауған талибандарының жетекшісі Мулла Омардың өз жақтастарын бейбіт тұрғындар шығынына жол бермеуге шақырған үндеуінен кейін болып отыр.