Accessibility links

Беларусь белсендісі өзіне қатысты сараптама жасатуға өзі ақша төлейді


Беларусь белсендісі Алена Гнаук
Беларусь белсендісі Алена Гнаук
Беларусь белсендісі Алена Гнаук экстремизмге қатысы бар деген айыптан құтылу үшін 6 миллион рубль (685 АҚШ доллары) төлеуі керек.

Брест қаласының соты белсенді Алена Гнаук таратып жүрген "Личные мысли, или заявление христианина" деген үнпарақта экстремизм белгісі бар деп айыптап, сараптамадан өткізу үшін ақша төлеу керек деп шешті.

Судья Владимир Шаламицкийдің айтуынша, ол үнпараққа Беларусь ғылым академиясының философия институтының сарапшылары сараптама жасайды. "Егер Алена Гнаук бұл ақшаны төлей алмаса, онда Брест мемлекеттік университетінің қорытындысына сүйенеміз" дейді судья. Университет сарапшылары үнпарақта экстремизм белгілері бар деген қорытынды жасаған. Судьяның айтуынша, егер институт сарапшылары үнпарақтан экстремизм белгілерін таппаса, онда төленген ақша қайтарылады.

Бұл үнпарақтың 200 данасы президенттікке үміткер болған оппозициялық саясаткер Владимир Некляевтың бастамасымен басылып шыққан.

Бұған дейін Беларусьтегі әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайды талқылаған Алена Гнаук билік пен оппозицияны мемлекет тап болған мәселелерді шешу жолын қарастыруға шақырған.
XS
SM
MD
LG