Accessibility links

Атыраудағы жарылысқа қатысты қылмыстық топ ұсталды


Атырау облыстық прокуратурасы. 26 мамыр, 2009 жыл.
Атырау облыстық прокуратурасы. 26 мамыр, 2009 жыл.
Қазанның 31-і күні Атырау қаласында болған жарылысқа қатысты төрт адамнан құралған қылмыстық топ анықталды деп хабарлады Атырау облыстық прокуратурасы.


"Тергеу барысында бұл топтың мемлекетік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорқыту шарасында қолдану үшін заңсыз қолдан жасалған жарылғыш заттарды жасаумен айналысқаны белгілі болды. Аталған топ Атырау облыстық прокуратурасы мен облыстық әкімшілік ғимаратының жанында жарылыстар жасауды жоспарлаған" делінген баспасөз хабарында.

Ұсталғандардың аты-жөндері айтылмады.

Покуратураның айтуына қарағанда, "топ мүшесі Бауыржан Сұлтанғалиев сол шара барысында жарылғыш заттарды абайсыз ұстау салдарынан жарылып қаза тапқан".

XS
SM
MD
LG