Грекияның жаңа үкіметін құрып жатқан үш партия жаңа премьер-министрдің кім болатынын әлі анықтай алмады.
Коалициядағы ең шағын партия келіссөздердің үшінші күнінде жиынды тастап шығып, мәміле тоқтап қалды. Грекия президентінің әкімшілігі келіссөздер бүгін қайтадан басталады деп хабарлады.
Премьерлікке үміткерлердің бірі - Еуропаның орталық банкінің бұрынғы вице президенті Лукас Пападемос болатын. Премьер-министр Георгиос Папандреу коалицияны соған тапсырған. Лукас Пападемос президентпен кездесуге кеткенде ұлтшыл ЛАОС партиясы келіссөздерді тастап шығып кетіп, келіссөздер тоқтап қалды.
Лукас Пападемос социалистер мен консерватистер партиясының екеуі де 130 миллиард еуро көмек қаржыны алуды қолдап жазбаша келісім беруді талап етті.
Жаңа үкіметті жасақтап жатқан үш партия - Лукас Пападемостың солшыл ПАСОК партиясы, оңшыл Жаңа демократия және ұлтшыл ЛАОС партиясы болатын.
Жаңа үкімет Халықаралық валюта қоры ұсынып отырған 130 миллиард еуро көмек қаржысын алуға келісімге келе алмаса, Грекияның қаржысы келесі айда таусылады.