Бүгін таңертең Солтүстік Синайда белгісіз адамдар Египет, Израиль және Иорданияның арасындағы шекарада орналасқан газ құбырын жарып жіберді.
Египеттің қауіпсіздік күштері бұл биыл болып отырған алтыншы жарылыс дейді. Жарылыстан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Газ құбыры бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк биліктен кетірілген ақпан айынан бері белгісіз топтардың шабуыл нысанасына айналды.
Египет Израильге 20 жыл бойына табиғи газ экспорттау жөнінде келісім-шарт жасасқан. Алайда египет азаматтары ол келісімді мойындамайды.