Accessibility links

Түркияда тағы да жер сілкінді


Ван қаласында болған жер сілкінісінен аман қалған адамдар. Түркия, 26 қазан 2011 жыл.
Ван қаласында болған жер сілкінісінен аман қалған адамдар. Түркия, 26 қазан 2011 жыл.
АҚШ-тың геологиялық зерттеулер институты қарашаның 9-ы күні Түркияның шығысында магнитудасы 5,7 балл жер сілкінісі болғанын хабарлады. Жер сілкінісі Ван қаласынан оңтүстікке қарай 16 шақырым жерде болған.

Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, жер сілкінісінен үш адам қаза тапқан, қираған екі қонақ үй мен бес ғимараттың астында кемінде жүзден астам адам қалған. Он бір адам үйінділердің астынан құтқарылды.

Бұған дейін, қазанның 23-і күні Ван қаласында 7,6 баллдық жер сілкінісі болып, 600-ге жуық адам қаза тапқан. Содан бері мыңдаған адам шатырда түнеп жатыр. Әлсіз жер асты дүмпулері бұдан кейін бірнеше рет қайталанды.
XS
SM
MD
LG