АҚШ-тың жоғары шенді дипломаты: "Араб елдері АҚШ-қа құпия түрде Сирия президенті Башар әл-Асадты отставкаға кетіру үшін өз елдерінен баспана ұсынғанын айтты" деді. АҚШ мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс мәселелері бойынша көмекшісі Джеффри Фельтманның айтуынша, барлық араб елдерінің басшылары Башар әл-Асадтың билігі аяқталып қалғанын айтқан.
Құқық қорғау ұйымдарының айтуынша, кеше Сирияда қауіпсіздік күштері 12 адамды өлтірген.
Сирияда наурыздың ортасында басталған үкіметке қарсы наразылық шаралары өтіп жатыр. БҰҰ мәліметі бойынша, үкімет күштері мен наразылық танытушылардың қақтығысынан 3,5 мыңнан астам адам қаза тапты.