Accessibility links

АҚШ: Еуропа мен Азия елдері экономикалық дағдарыстың алдын алуы керек


Лондон қор биржасының логотиі
Лондон қор биржасының логотиі
АҚШ Еуропа және Азия елдерінің басшыларын әлемдік экономиканың өсімін қалпына келтіруге күш салуға және Еуропаның қаржылық дағдарысын бақылаудан шығармауға шақырды.

АҚШ қаржы министрінің хатшысы Тим Гейтнердің пікірінше, Еуропа "қатаң жоспар" ұсынуы керек. Ал Азия мен Тынық мұхит бассейнінің өзге елдерден алда тұрған мемлекеттері әлемдік экономиканың өсуін күшейтетін шаралар қабылдағаны жөн.

Президент Барак Обама Италия президенті Джорджо Наполитаномен телефон арқылы сөйлесті. Ол Джорджо Наполитаноның Сильвио Берлускони отставкаға кеткеннен кейін уақытша үкіметке қатаң экономикалық шараларды қабылдататынына және қор нарығына деген сенімділікті қалпына келтіретініне үміт артты.

Италияның экономикалық болжамдары қате деп бағалаған Еуропалық комиссия елдің займдарға кететін шығынының жоғары болуы экономиканы бірер айда әлсіретуі мүмкін деп ескертті. Бұлай болса, Еуропа одағының 17 елі келесі жылы дағдарысқа ұшырауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG