Accessibility links

АҚШ Иранның ядролық мәселесі әскери жолмен шешілмейтінін айтты


Иранның Бушер атом электр станциясы. 12 қыркүйек, 2011 жыл.
Иранның Бушер атом электр станциясы. 12 қыркүйек, 2011 жыл.
АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетте Иранның ядролық кешендеріне қарсы әскери соққы беру Тегеранның ядролық бағдарламасын тоқтата алмайды деп мәлімдеді.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Ақ үйдің ұстанымын білдірген Панетта Тегеранның ядролық қуатын арттыруына жол беруге болмайтынын, бірақ әскери шараның салдары түгелдей мұқият саралануы керек екенін айтты.

Леон Панеттаның мәлімдемесі Иранның ең жоғарғы басшысы Аятолла Әли Хоменейдің бейсенбі күні АҚШ пен Израильге қарата айтқан сөзінен бірер сағаттан кейін жасалды. Аятолла Әли Хоменей АҚШ немесе Израиль тарапынан Иранның ядролық кешендеріне қарсы жасалатын әскери соққыға қатаң түрде жауап қайтарылатынын айтқан болатын.

Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы шиеленіс қарашаның 8-і күні МАГАТЭ-нің Иран ядролық қару жасағалы жатыр деген баяндама жасаған соң асқынып кетті.

Иран ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта дамытып жатқанын айтып келеді.
XS
SM
MD
LG