Accessibility links

Ресей Арктиканы зерттеуге бөлінетін қаржыны көбейтпек


Поляр сызығында орналасқан Баффин бұғазы. 10 шілде, 2008 жыл.
Поляр сызығында орналасқан Баффин бұғазы. 10 шілде, 2008 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін аймақта Ресейдің мүддесін қорғау үшін Арктикаға салынатын қаржының көбейтілетінін айтты. Оның айтуынша, аймақтағы өзге елдер де Арктиканың табиғи байлығын игеру үшін Ресеймен бәсекеге түсіп отыр.

Ресей, АҚШ, Канада, Германия, Дания және Норвегия Арктиканың бір бөлігіне өз үкімін жүргізуге тырысып келеді. Болжам бойынша, Арктикада жер шарының әлі барланбаған мұнай-газ қорының 25 пайызы орналасқан.

Ғаламдық климаттың жылынуынан Арктика мұздықтары еріп, енді оны зерттеуге жаңа мүмкіндіктер туындап отыр.

Ресей, Канада және Дания БҰҰ-на өз территорияларын мұхиттың астындағы Ломоносов жоталарына дейін кеңейтуді сұрап, шағым түсіретіндіктерін жеткізді.
XS
SM
MD
LG